Тоқаевтың ТМД жанынан орыс тілін қолдайтын ұйым құруды ұсынғаны рас па?

Санкт-Петербургте ТМД елдері басшыларының бейресми саммиті өтіп жатыр. Саммитте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД жанынан орыс тілін қолдау және дамыту бойынша халықаралық ұйым құруды ұсынған. Бұл туралы саммит барысында Ресей президенті Путин айтты.
«Менің ойымша, бұл бәріміз үшін маңызды, себебі орыс тілі – сөзсіз мемлекетаралық араласу тілі. Біз, әрине, Қазақстан президетінің ұсынысын қолдаймыз және өз тарапымнан бұл идеяны жүзеге асыру үшін бәрін жасаймыз», деді Путин. Сондай-ақ Ресей президенті 2023 жыл ТМД-да мемлекетаралық қатынас тілі ретінде орыс тілі жылы деп жарияланатынын мәлімдеді.
Дегенмен, Ақорданың сайтында ұсыныс туралы ақпарат шықпады. Соңғы кездері Ресей саясаткерлері «Қазақстан орыс тіліне қысым жасалып жатыр», деп бірнеше мәрте мәлімдеме жасаған. Олардың уәжін Тоқаев ескерусіз қалдырмай, жауап беріп келеді. Бұған дейін, Қазақстан президенті «Россия-24» Ресей мемлекеттік телеарнасына сұхбат бергенде де Қазақстандағы орыс тілі мәселесі де сөз болған.
Тоқаев «Қазақстандағы орыс тілінің қолданысы тарылды, азайды деп жүргендердің ұстанымы нақты жағдайға қайшы. Мұндай дәлелі жоқтың қасы әлсіз талқылаулардың мақсаты – осы мәселені немесе өзге тақырыптарды саясиландыру», – деп жауап берген-ді.
Президенттің айтуынша, Қазақстандағы орыс тілінің жағдайы нашарламаған. Қайта Тоқаев қазақтарға географиялық тұрғыдан орыс тілінсіз өте қиын болатыны жайында айтқан. «Осыған дейін айтқанымдай, екі ел арасында әлемдегі ең ұзын шекара бар. Біз «Құдайы көршіміз». Және қазақтарға орыс тілін жақсы білу керек...», – деген болатын Тоқаев.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Дело о захвате аэропорта: здание суда закрыли для посетителей и адвокатов
Здание алматинского горсуда закрыли для посетителей и адвокатов во вторник, 19 сентября. Известно, что в одном из залов судебных заседаний идет апелляционное рассмотрение жалобы на приговор суда первой инстанции, по которому осуждены активисты Айгерим Тлеужан, Калас Нурпеисов и еще трое алматинцев.