Трамп құдасына рақымшылық жасады

Елнұр Бақытқызы

  • 24.12.2020

Дональд Трамп президенттігінің соңғы күндерінде 26 адамға рақымшылық жариялады. Олардың арасында Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға араласу ісі бойынша сотталған Пол Манафорт пен Роджер Стоун да бар. Сондай-ақ Трамп өзінің күйеубаласы һәм кеңесшісі Джаред Кушнердің әкесі Чарльз Кушнерге де рақымшылық жасады.

Трамптың бұрынғы сайлауалды штабының басшысы Манафорт түрмеде екі жыл отырды.

"Манафорт мырза екі жыл түрмеде отырды, белгілі бір мерзімде жалғыз адамдық камерада да отырды. Кейбір кәнігі қылмыскерлер де мұндай жағдайда отырмайды. Прокурордың сорақы араласуынан Манафорт мырза әділетсіздікке ұшырады және американдық тарихтағы ең үлкен "мыстан аулаудың" құрбанына айналды", - делінген Ақ үйдің хабарламасында.

Манафор Трамптың сайлауалды штабын 2016 жылы басқарған. 2019 жылдың наурызында сот оны арнайы прокурор Мюллердің тергеуі нәтижесінде ашылған іс бойынша жеті жылға соттады. Манафорт банк есепшоттарын жасыру, салықтан жалтару, жалған куәлік беру, куәгерлерге қысым көрсету және заңсыз лоббилау үшін кінәлі деп танылды.

Түрмеде екі жыл отырған Манафортты пандемияға байланысты көктемде үйқамаққа ауыстырған.

Бұрынғы кеңесші Роджерс Стоун да, Ақ үй хабарлауынша,  "әділетсіздік көрді". Ол да дәл осы Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға араласуы  іс бойынша жауапқа тартылған. Ақ үй хабарламасына  қарағанда, Стоун "алқабилер сотында әділетсіздікке тап болған".  "Стоунды кешіру Мюллердің тергеуі кезінде ол көрген әділетсіздіктерді түзеуге көмектеседі", - делінген хабарламада.

2019 жылдың қаңтарында ұсталған Стоун ақпанда 3,3 жылға сотталды. Ол 14 шілдеден бастап түрмеге отыруы керек еді. Алайда Трамп арнайы жарлық шығарып, оны түрме жазасынан құтқарып қалды.

Трамп кешіргендердің арасында оның құдасы Чарльз Кушнер де бар. Ол Трамптың қызы Иванка Трамптың күйеуі – Джаред Кушнердің әкесі. Джаред Кушнер сондай-ақ Трамптың кеңесшісі. Оны 2004 жылы сайлауалды науқанында заңсыз жарна аударды, салық төлеуден жалтарды және куәгерлерге қысым көрсетті, барлығы 16 тармақ бойынша соттаған болатын. Ол түрмеде небәрі 14 ай отырды. Ол 2006 жылы түрмеден шыққан, енді Трамп толығымен ақтап кешірім жариялады.

The New York Times Трамп құдасына рақымшылық жасайтыны бұрыннан күтілген оқиға, өйткені оның сотталуы отбасындағы  өкінішті оқиғаға айналған деп жазады. 66 жастағы Чарльз Кушнер өзіне тағылған айыпты мойындаған. Қызығы, Чарльз Кушнерге оның күйеубаласы куәлік берген. Ол Чарльз Кушнердің қызымен бірге Кушнердің сайлауалды науқанын қаржыландыру бойынша тергеумен әріптестік орнатқан.

Ал 23 желоқсан күні Трамп 15 адамға рақымшылық жасаған. Олардың арасында Трамптың сайлауалды штабының бұрынғы қызметкері Джордж Пападопулос, Альфа банк иелерінің бірі Герман Ханның күйеубаласы, Нидерланды заңгері Алекс ван дер Цван бар.

 

Байланысты жаналықтар

Трамп Ресей мен Қытайды тізгіндей ала ма?

07.11.2024

Камала Харрис жеңілгенін мойындап, Дональд Трампты құттықтады

07.11.2024

АҚШ-тағы президент сайлауы: қос кандидат сайлаушыға таласты күшейтті

20.10.2024

Райан Рутқа Дональд Трампқа қастандық жасады деп ресми түрде айып тағылды

25.09.2024

Трамп: Жеңілсем, кандидат болмаймын

23.09.2024

"АҚШ-ты Қытайға саттың". Камала Харрис Трампты айыптады

11.09.2024
MalimBlocks
Трамп Ресей мен Қытайды тізгіндей ала ма?

Сайлау өткен соң Вашингтон мен Мәскеудің арасындағы қарым-қатынас өзгереді. Путин Американың ішкі ісіне нақты араласпаса да, оның тұрақсыздығын қалайтыны мәлім. Ол хаос пен үрейді ұнатады әрі соны «саудалағысы» келеді

Камала Харрис жеңілгенін мойындап, Дональд Трампты құттықтады

АҚШ-тағы президент сайлауы: қос кандидат сайлаушыға таласты күшейтті

Сайлауға небәрі екі аптадан астам уақыт қалды

Райан Рутқа Дональд Трампқа қастандық жасады деп ресми түрде айып тағылды

Ол өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Трамп: Жеңілсем, кандидат болмаймын

Жексенбі күні АҚШ-тың бұрынғы президенті және биылғы кандидат Дональд Трамп алдағы сайлауда жеңілісе, одан кейін президенттікке үміткер болмайтынын айтты.

"АҚШ-ты Қытайға саттың". Камала Харрис Трампты айыптады

Бұл пікірталас - 5 қараша өтетін сайлаудың алдындағы маңызды сәт