Үкімет Екібастұз ЖЭО-ны жаңғыртуға резервтен 3,4 млрд теңге бөледі

Жылу көздерін жаңғырту және жылу беру маусымына дайындық жұмыстары Үкіметтің бақылауында.

Malim Админ

  • 05.06.2024

Премьер-министр Олжас Бектенов Екібастұз ЖЭО-ны одан әрі жаңғыртуға Үкімет резервінен қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жұмыс Мемлекет басшысының республикадағы ТКШ инфрақұрылымын кешенді қалпына келтіру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде атқарылып жатыр.

Екібастұз ЖЭО-ның төрт (11-15) қазандық агрегатын (2,4 млрд) күрделі жөндеуге және сол жерде тұндырылған су магистралін (988 млн) салу үшін Павлодар облысының бюджетіне 3,4 млрд теңге сомасындағы қаражат аударылады.

Бұл шаралар жылу көзінің үздіксіз жұмыс істеуіне, төтенше жағдайлар туындау қаупін азайтуға, тұрғындарды тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, Екібастұз қаласының әрі қарай әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді. 

Бүгінде Екібастұз ЖЭО – қаланы орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін бірден-бір нысан. Өткен жылы Үкімет резервіндегі қаражат есебінен 5 су жылыту қазандығы мен жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылыту маусымы еш іркіліссіз өтті.

Премьер-министр Олжас Бектенов биыл наурыз айында Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларының инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртуды жалғастыру қажеттігін айтқан болатын.

Атап айтқанда, Екібастұз ЖЭО-да күлден гидравликалық тазартуға арналған тұндырылған су беру жүйесі 1986 жылы орнатылды. Оның құрамына кіретін құбырлар тозды, бұл тұтынушыларға жылу беруді шектеуі мүмкін. Осыған байланысты тұндырылған судың жаңа магистралін салу басым міндеттердің бірі болып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Үкімет резервінен Кентау, Риддер және Қызылорда қалаларының жылу көздерін жаңғыртуға 16 млрд теңге, Риддер жылу желілерін күрделі жөндеуге 2,4 млрд теңгеден астам және Көкшетау қазандықтарын жөндеуге 816 млн теңге бөлінген болатын.

Жалпы, биыл Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Ақтау, Тараз, Петропавл, Жезқазған, Ақтөбе, Степногорск, Рудный, Балқаш және басқа да қалаларда энергия блоктарын, қазандықтар мен турбиналарды жөндеу жоспарланып отыр. 

Жылу көздерін жаңғырту және жылу беру маусымына дайындық жұмыстары Үкіметтің бақылауында.

Фото: дереккөз

Байланысты жаналықтар

Қайтарылған актив: Риддерде аурухана салынады

20.11.2024

Тойда уланғандарға мейрамхана иесі 5 млн теңгеден астам өтемақы төлейтін болды

19.11.2024

Екібастұздағы электр стансасының бір блогы істен шықты

15.11.2024

Премьер-министр Олжас Бектенов өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуді тапсырды

12.11.2024

Үйі жоқ барлық азамат кезекке тұра алады

11.11.2024

Үкіметте «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы бекітілді

09.11.2024
MalimBlocks
Қайтарылған актив: Риддерде аурухана салынады

Үкімет 2021 жылы басталған аурухана кешенінің құрылысын аяқтау үшін қаражат бөлу туралы шешім қабылдады

Тойда уланғандарға мейрамхана иесі 5 млн теңгеден астам өтемақы төлейтін болды

Оқиғадан соң Екібастұз қалалық ауруханасына жалпы саны 90-ға жуық адам қаралған

Екібастұздағы электр стансасының бір блогы істен шықты

Оған кәсіпорын мұржасындағы ақау себеп болған

Премьер-министр Олжас Бектенов өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуді тапсырды

Үкімет отырысы барысында одан әрі пайдалануға жарамсыз тұрмыстық баллондарды қолданыстан шығару және утилизациялау мәселесін шешу қажеттігі атап өтілді

Үйі жоқ барлық азамат кезекке тұра алады

Үй беру азаматтың табысы мен мәртебесіне сәйкес жүргізіледі

Үкіметте «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы бекітілді

Онда экология бағыттары бойынша индикаторлар қойылған