Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үкіметтегі ауыс-түйіс: Небәрі екі министр ауысты

Саясат
Үкіметтегі ауыс-түйіс: Небәрі екі министр ауысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жаңа құрамы туралы жарлыққа қол қойды.  Екі министр ауысты демесеңіз, қалған министрлер өз орнында қалды.

Ұлттық экономика министрі  мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлері ауысты. Ұлттық экономика министрлі болып 33 жастағы Әсет Ергалиев тағайындалды. Әсет Ерғалиев КИПЭП, Швециядағы халықаралық бизнес мектебі, Ұлыбританиядағы Йорк және Ноттингем университеттерін экономика мамандығы бойынша тәмамдаған. 2019 жылдың тамызынан бері ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Ал еңбек министрі Біржан Нұрымбетовтің орнын 41 жастағы Серік Шәпкенов басты. Ол бұған дейін еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарды.

Тоқаевтың жарлығына сәйкес, Әлихан Сайылов премьер-министрлің бірінші орынбасары, Роман Скляр, Ералы Тоғжанов пен сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді үкімет жетекшісінің орынбасарлары болып тағайындалды.

Қалған министрлердің бәрі өз орнында қалды.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу