Украина-Ресей: зардап шеккендер бар

Айшолпан КЕРІМ

  • 24.02.2022

24 ақпанға қараған түні Ресей президенті Путин мемлекеттік телеарналардан мәлімдеме жасап, Ресей армиясының Украина әскерімен соғысатынын хабарлады.

Ақпарат құралдары Украинаның кейбір қалаларында жарылыс болғанын хабарлады. Ал Украина президенті Зеленский елде әскери жағдай жариялады. Желіде Киев халқының жаппай қаладан кетіп жатқаны көрінетін видео тарады. Алайда ел Президенті халықты "сабырға келіп, үйде отыруға" шақырған.

Украина ІІМ басшысының кеңесшісі Антон Геращенко телеграм-каналында зардап шеккендер жайлы ақпарат бөлісті:

Николаев облысында атыс кезінде бір адам жарақат алды.

Херсон облысында 17 жастағы жігіт қайтыс болды.

Одесса облысында алты адам қаза тауып, жеті адам жараланған. Сонымен қатар 19 адам жоғалған.

Херсон аймағында бір шекарашы қайтыс болды.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейдің Украинаға қатысты бұл әрекетін айыптап, мұны Еуроатлантикалық қауіпсіздікке төнген қатер деп бағалады.

"Ресейдің Украинаға қиянатшыл шабуылын түбегейлі айыптаймын. Шабуыл өте көп адамның өмірін қауіпке тігеді. Бұл халықаралық құқықты өрескел бұзу, Еуроатлантикалық қауіпсіздікке төнген қатер. Ресейді тез арада әскери қимылын доғарып, Украинаның егемендігі мен территориялық тұтастығын сақтауға шақырамын", - деді Столтенберг.

Оның айтуынша, НАТО одақтастары жақын арада жағдайды талқылайды.

Бұдан бөлек Еурокомиссия Ресей экономикасының стратегиялық сектораларына жаңа санкциялар жариялайтынын мәлімдеді. Бұған дейін Германия соғыс операциясынан соң Берлин мұнай мен көмірді өзге елдерден сатып алатынын мәлімдеген еді.

Байланысты жаналықтар

Ресей пропогандасы ең ақылды адамдарға да әсер ете бастады – Украина Илон Маскпен келіспейді

05.10.2022

«Ресей ұрлаған астық» тиелген Қазақстан кемесі Түркияда тұр

04.07.2022
MalimBlocks
Ресей пропогандасы ең ақылды адамдарға да әсер ете бастады – Украина Илон Маскпен келіспейді

Илон Маск Украина-Ресей соғысы туралы "сценарий" ұсынып, көпшілік дауысқа салған.

«Ресей ұрлаған астық» тиелген Қазақстан кемесі Түркияда тұр

"Ресей туын ілген" аты шулы "Жібек жолы" ақыры ұсталды. Ендігі тағдыры не болады?