457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Украинадағы қақтығысты реттеу: Тоқаев пен Путин не туралы сөйлесті?

Қазақстан Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің телефон арқылы не туралы сөйлескені жөнінде мәлімет берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 


Президенттің баспасөз хатшысының айтуынша, әңгіме Ресей тарапының бастамасымен өткен. 

– Келіссөздер достық әрі сенімді сипатта өтті. Негізгі назар Украинадағы қақтығысты реттеуге бағытталды. Владимир Путин АҚШ Президентінің арнайы өкілімен өткізілген келіссөздердің нәтижелері жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Қасым-Жомарт Тоқаев қол жеткізілген алдын ала уағдаластықтарды құптап, Қазақстанның соғыс қимылдарын тоқтатуға бағытталған бейбіт жолды іздеуді әрқашан қолдап келе жатқанын атап өтті, - деді Руслан Желдібай.

Сонымен қатар Мемлекет басшылары қазақ-ресей қарым-қатынасына қатысты екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерді де талқылады.

Қазақстан Президенті биыл қараша айында жоспарланған Мәскеуге мемлекеттік сапарға айрықша мән беретінін атап өтті. Бұл сапардың басты мақсаты – стратегиялық әріптестік пен одақтастық рухындағы жан-жақты ынтымақтастықты тереңдету, - деп атап өтті Президенттің баспасөз хатшысы.

Фото: Ақорда