USAID Қазақстанда қандай жобаларды қаржыландырады?
«АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID) бірнеше онжылдықтар бойы салық төлеушілерге есеп бермей, миллиардтаған долларды бақылаусыз, күлкілі, көп жағдайда зиянды жобаларына жіберіп отырған», – деді Ақ үй өкілдері.
Ақ үй USAID агенттігінің күмәнді шығындары туралы тізім жариялады. Orda.kz Америка қаржыландырған Қазақстандағы жобалар туралы жазды, деп хабарлайды www.malim.kz.
АҚШ әкімшілігі бұл шығындардың бірнеше онжылдықтар бойы жалғасқанын, жүздеген миллион доллар тиімділігі күмәнді жобаларға жұмсалғанын айтады.
«АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID) бірнеше онжылдықтар бойы салық төлеушілерге есеп бермей, миллиардтаған долларды бақылаусыз, күлкілі, көп жағдайда зиянды жобаларына жіберіп отырған», – деді Ақ үй өкілдері.
Тізімде шын мәнінде сұрақ туғызатын шығындар да бар:
* Колумбияда «трансгендерлік опера» қоюға 47 мың доллар;
* Перуде «трансгендерлік комикс» жасауға 32 мың доллар;
* Ирландиялық мюзиклге инклюзивтік идеяларды насихаттау үшін 70 мың доллар;
* Вьетнамға электр көліктері үшін 2,5 миллион доллар;
* Египеттегі туризмді қаржыландыру үшін 6 миллион доллар;
* Сириядағы «Әл-Қаида» ұйым мүшелеріне гуманитарлық көмек;
* Ауғанстанда ирригациялық каналдар, ауыл шаруашылығы құралдары және тіпті тыңайтқыштар үшін жүздеген миллион доллар бөлген, ол қаржы Талибанға пайда әкелетін апиын өсіру мен есірткі өндіруге жаратылуы мүмкін.
«Тізімді шексіз жалғастыруға болады және бұл бірнеше онжылдар бойы осылай жүріп жатыр. Дональд Трамп президент болған кезде ысырапшылдық пен алаяқтық дереу тоқтатылады», деп атап өтті Ақ үй.
Айта кетейік, USAID Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері әр түрлі жобаларды қаржыландырып келеді. Бұл жылдар ішінде USAID гранттары азаматтық қоғамды қолдауға, жергілікті басқаруды дамытуға, жаңартылатын энергия көздеріне және сандық қызметтерге жұмсалды.
Қазақстанда және Орталық Азия елдеріндегі USAID жобалары:
* «Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» – 6,9 миллион доллар. Бұл жобаны жүзеге асыруды «Еуразия Орталық Азия» қоғамдық қоры (ФЕЦА) да жүргізіп келеді, оның мақсаты – Қазақстан мен Тәжікстандағы үкіметтік емес ұйымдарды қолдау.
* «Бірлескен басқару – ортақ жауапкершілік» – 2024 жылы ақпанда басталған төрт жылдық жоба, Павлодар, Жетісу, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға арналған.
* Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау бағдарламасы – азаматтық институттарды дамытуға арналған бес жылдық жоба, құны 18 миллион доллар.
* Жаңартылатын энергия көздері – USAID Қазақстанның энергетикалық жүйесіне ВИЭ интеграциясы бойынша жобаларға 39 миллион доллар қаржы құяды.
* Сандық технологиялар мен компьютерлік қызметтер – агенттік мемлекеттік органдармен сандық трансформация саласында ынтымақтасады.
* Қазақстан жастарын зерттеу – жастардың әлеуметтік мінез-құлқын және қалауларын талдауға арналған зерттеу жобасы.
Осыған қоса, USAID басқа да бағдарламаларға қатысып, бизнес, әлеуметтік бастамалар мен білім беру жобаларын қолдаған.
АҚШ президенті Дональд Трамп инаугурациясынан кейін америкалықтардың негізгі мәселелерін шешуге бағытталған бірнеше жарлыққа қол қойды. Соның бірі басқа елдердегі даму бағдарламаларының қаржыландыруын тоқтату болып отыр.
Фото: Elements.envato.com