Халықтық өнімді сатып алып, қазақстандық өндірушіні қолда

Malim Админ

  • 28.12.2020

Халық партиясынан депутаттыққа кандидаттар Нұр-Сұлтан супермаркеттері мен сауда орындарын аралап, отандық өнімдердің бар-жоғын тексерді. Бұл шараларын «Халықтыкін сатып ал» акциясы деп атағандар қазақстан өндірушілердің өнімдерін сатып алды.

ҚХП мүшелері жергілікті тауарлардың құнын көтермеу керек дейді. Және мұндай өнімдердің бағасын уәкілетті органдар бақылауы керек.

– Биыл пандемия кезінде үлкен проблемаға тап болдық. Ол – отандық өндірушілердің өнімдері мен қажетті тауарлары бағасының өсуі. Өсімдік майының бір литрінің бағасы 700 теңгеге көтерілгенін бәріміз көрдік. Айта кету керек, біз отандық өндірушінің өнімі туралы айтып отырмыз. Қант бір килограмм үшін 300 теңгеге дейін қымбаттады. Мемлекет азаматтарға қолдау ретінде бөлген 42 500 теңгеге көп өнім сатып ала алмайтынын жақсы түсінеміз, – деді сауда нүктелерін аралаған кандидат Жамбыл Ахметбеков.

Халықтың осал топтарына әлеуметтік қолдау ретінде бөлінетін сомалар тым аз. Сондықтан әлеуметтік қамсыздандыру төлемдерінің мөлшерін арттыру қажет. Тұрақтандыру қорларының мүмкіндіктерін кеңейту қажет. Қазақстандық өндіруші тауарларының құны артпауы тиіс.

Бұған дейін ҚХП депутаттығына кандидаттар еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтарының бірі болып табылатынын бірнеше рет мәлімдеген болатын.

– Халық партиясы азық-түлік қауіпсіздігін және қазақстандықтардың тең құқықтарын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдіктерге жеке меншікке сатуға заңды тосқауыл қою туралы мәселені қойып отыр. ҚХП мүшелері осы мәселе бойынша референдум өткізу қажет деп есептейді. Біз бірінші кезекте қажетті өнімдер мен тауарлардың сапалы өндірісіне қол жеткізуге ниеттіміз. Партияның басты міндеті – елімізді барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ету. Содан кейін ғана өнімімізді шетелге жеткізу, – деп нақтылады ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандитат Жамбыл Ахметбеков.

Байланысты жаналықтар

Жаңа депутаттарды Шөкеевтің туыстары күтеді

13.01.2021

ОСК аутсайдер партиялардың ресми тізімін жариялады

12.01.2021

Оппозиция қатыспаған сайлаудың өзі әділетті өткен жоқ

11.01.2021

"Орын жоқ, дәлізде тұрыңдар". Тәуелсіз бақылаушыларға кедергі жасалды

10.01.2021

«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын насихаттауда

04.01.2021

Байқаушыларға қажетті жағдай жасалған

04.01.2021
MalimBlocks
Жаңа депутаттарды Шөкеевтің туыстары күтеді

ОСК аутсайдер партиялардың ресми тізімін жариялады

Оппозиция қатыспаған сайлаудың өзі әділетті өткен жоқ

"Орын жоқ, дәлізде тұрыңдар". Тәуелсіз бақылаушыларға кедергі жасалды

«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын насихаттауда

Байқаушыларға қажетті жағдай жасалған