YESSENOV UNIVERSITY ұжымымен кездесу
«Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық штаб мүшелері Yessenov University ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында Маңғыстау облыстық және қалалық депутаттыққа үміткерлер Ахметов Берик, Әбдісадық Ғани, Ермек Нұрмағанбет және Сыражанов Ерген «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Сайлауалды штаб мүшелерінің айтуынша, бағдарламада облыс пен қаланың қарқынды дамуы үшін нақты шаралар ұсынылған. «Nur Otan» партиясы жыл сайын жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге бағытталған республикалық партиялық жобаларды іске асыруда. Осы ретте, жиынға қатысушылар студент жастардың шығармашылық және зияткерлік әлеуеттін іске асыру мақсатында қолайлы жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, қалалық штаб мүшелері бірлесе жұмыс жасап, пікір алмасуға дайын екендіктерін жеткізді.
Жалпы, партия мүшелерімен сайлаушылар арасындағы кездесуде жан-жақты мәселелер талқыланып, оның шешу жолдары да айтылып жатыр. Мәселен, кеше «Nur Otan» партиясының облыстық және қалалық сайлауалды штабтарының мүшелерінің Ақтау қаласындағы “Forte bank” АҚ филиалының қызметкерлерімен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын айтып берген еді. Бұл кездесуде банк секторындағы жетістіктер мен проблемалар, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жайында пікір алысты.
Ал Маңғыстау облыстық сайлауалды штабтың басшысы Елубай Әбілов «Қазақтеңізфлоты» ҰТКҚК» ЖШС қызметкерлерімен кездесуінде азаматтық борыш, сайлауда қалаған партияға дауыс беру мен қатыр теңіз бен теңіз флотындағы азаматтардың әлеуметтік мәселелері де кеңінен қаралды.
«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы Ақтау қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.