Жаңа адамдар: Жаңа елтаңбамыз жайлы ойланар кез келді

Елтаңба ол терең ұғым. Тұнған тарих.

Malim Админ

  • 15.02.2024

Бірегей тарихпен тоғысқан салт санасы бір қоғамның әрқашан ортақ рәміздері болғаны баршамызға белгілі. Ал біз үшін сол рәміздер - Қазақстанның елтаңбасы. Елтаңба –  компания логотипі немесе естелік белгісі емес. Елтаңба ол терең ұғым. Тұнған тарих.

 Алайда, біз білетін елтаңба  құндылықтарымыз жайлы сыр шертпейді әрі болашаққа жол сілтер рәміз емес. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 70%-ы елтаңбамызды тани алмады.

 Қазақстан - қазіргі заман талаптарына сай алға үлкен мақсаттар қойып, жаңа белестерді бағындыру жолында. Біз, Жаңа адамдар,  жауапкершілігі зор мақсаттарға бет алған жас мемлекетке тың көзқарастағы жаңа рәміздің керек екенін сенімділікпен жеткізгіміз келеді. Жаңа елтаңба - жаһандық өзгерістер орын алған шақта біздің мемлекетіміздің нақты орны қайда екеніне жауап беруі керек.

 Қазақстанның тағдыры - еліміздің шекарасында белгіленген. Демек біздің тарих беттерінен жоғалмай, еркіндігіміз бен қасиетті ұстанымдарымызды ұран етіп, әлемдегі нақты орнымызды айқындауда елтаңбамыз халықты жұмылдыруы тиіс. Президент Тоқаев бұл шарттарды нақты сипаттағандай:

 «Жарқын болашаққа деген сенімі жоқ халық - тұғырлы мемлекет құра алмайды».

 «Алға қойған мақсаттарымыз бен жоспарларымыз, армандарымыздың орындалуы өзімізге байланысты. Еліміздің ынтымағын, тұрақтылығы мен тұтастығын қадірлеуіміз керек. Халқымыздың рухын көтеретін бірлік.

... Ел санасында бірлік болуы тиіс».

 Егерде баршамызға қалаулы, жаңа символ болмақ болса, әр шаңырақ пен көшелерге бейнеленетін рәмізді қалайтын болсақ, онда жаңа елтаңбаның қандай боларын шешетін халық болуы тиіс.

 Халқымызға жаңа елтаңбамыз жайлы ойланар шақтың келгені ме?    

Байланысты жаналықтар

«Менің Қазақстаным»: Астанада 500-ден астам ардагер флешмобқа қатысты

28.08.2024

Елтаңба өзгермейтін болды

04.07.2024

Алмас Ахметбекұлы: Әр үйдің төрінде Ту мен Елтаңба тұруға тиіс

20.06.2024

«Әнұран», «Елтаңба», «Ту»: Бұл ұғымдарға қатысты ғылыми ортақ шешім жоқ – Асылжан Бижанов

17.06.2024

Әлемді рәміздер билейді

04.06.2024

Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні. Тарихи хроника

04.06.2024
MalimBlocks
«Менің Қазақстаным»: Астанада 500-ден астам ардагер флешмобқа қатысты

Ардагерлер ел байрағындағы жарқыраған күн мен қалықтаған қанатты бейнеледі

Елтаңба өзгермейтін болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Елтаңбаға қатысты сыни пікірлер айтылып жатқанын мәлім еткен болатын.

Алмас Ахметбекұлы: Әр үйдің төрінде Ту мен Елтаңба тұруға тиіс

Ұл-қыздарымыз соны көріп, сезініп өсуі керек

«Әнұран», «Елтаңба», «Ту»: Бұл ұғымдарға қатысты ғылыми ортақ шешім жоқ – Асылжан Бижанов

Өңірлік нышандардың әркелкілілігі, олардың бекітілу тәртібіндегі жүйесіздік, кейбірінің авторларының да белгісіз болуы қиындық туғызуда.

Әлемді рәміздер билейді

«Әнұран» қазақтың тілдік қолданысында болмаған сөз

Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні. Тарихи хроника

Мемлекеттің рәміздері – оның егемендігі мен тәуелсіздігінің, халық пен билік бірлігінің айғағы.