Жанболат Мамай алты жылға шартты жазаға кесілді

400 мың теңгеден астам айыппұл салынды

Malim Админ

  • 10.04.2023

Жанболат Мамай алты жылға шартты жазаға кесілді. Сонымен қатар, оған 400 мың теңгеден астам айыппұл салынып, тұрғылықты жерінен шығуға бірқатар шектеу  қойылды. Судья Елена Кван Демократиялық партия жетекшісіне осындай үкім шығарды. 

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Жанболат Мамайдың өзі сот үкімімен толық келіспейтінін айтты.

«Менің кінәсіздігімді бұлтартпас айғақтармен дәлелдер келтірдік. Сотта ондаған куәгер менің тәртіпсіздікке шақырмағанымды толық растады. Сіз бұған қарамастан, осындай үкім шығарып отырсыз. Бұл үкімнің саяси астары бар. Мұндай үкіммен келіспеймін» - деді Мамай судьяға.

Айта кетейік, Жанболат Мамай былтыр ақпанда Қаңтар құрбандарын еске алу жиынына қатысқаны үшін ұсталған. Оған «жалған ақпарат тарату» және «билік өкілін қорлау» баптары бойынша айып тағылған. Кейіннен  Қаңтар оқиғасында «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген тағы бір айып қосылған.

Байланысты жаналықтар

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

13.05.2025

Мемлекеттік рәміздерге жауапкершілік күшейтіледі

11.05.2025

Шерзат Болаттың ісі: Күдіктілер ұстаған қарудың қайдан шыққаны анықталып жатыр

06.05.2025

Шерзат Болат ісі: судья прокурорды ауыстыруға қатысты шешім қабылдады

06.05.2025

Сот отырысында Шерзат Болатқа кімнің пышақ салғанын айтты

06.05.2025

Сотта марқұм Ғайыпбаев Шерзат пен өзін кім пышақтағанын айтқан видеосы көрсетілді

05.05.2025
MalimBlocks
Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

Мемлекеттік рәміздерге жауапкершілік күшейтіледі

Конституциялық заңға өзгеріс енгізіледі

Шерзат Болаттың ісі: Күдіктілер ұстаған қарудың қайдан шыққаны анықталып жатыр

Оқиға орнына қаруды кім әкелгені әлі белгісіз болып тұр