Зеленскийдің жақтастары Саакашвилиден қорқады

Malim Админ

  • 25.04.2020

Кеше көпшілік Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили Украина Үкіметінде вице-премьер қызметіне тағайындалады деп күткен. Бірақ ондай тағайындау болған жоқ. Бұның себебі Радада дауыс жинаудың кемдігі әсер еткен болуы мүмкін. Соңғы кездері «Слуга народа» партиясы Радада сан жағынан көп болса да, оппозициялық топтардан басым түсе алмай, негізгі шешімдерді дербес қыбылдай алмай жүр.

Саакашвилиді вице-премьерлікке тағайындау Зеленскийдің бастамасы болса да, Украина президенті оны әріптестеріне аргументтерімен түсіндірмеген. БИ-би-сидің хабарлауынша, Саакашвилидің бұл қызметке тағайындалуы украин саясаткерлеріне о баста күмәнді болып көрінген.

Біреулер Саакашвилидің Порошенко билігі кезінде Одесса облысының басшылығында болғанда сол кездегі, әр осы кездегі ішкі істер министрі Арсен Аваковпен жанжалын айтқан.  Кезінде жұрт алында айғаласып, бір-біріне стакандағы суды шашқандары украина халқының есінде. Арсен Аваков қазіргі Украина билігіндегі ең ықпалды адам саналады.

Сонымен қоса, Саакашвилидің ықпалы зор олигарх Игорь Коломойскиймен де қарым-қатынасы нашар көрінеді. Үкімет құрамындағы көптеген шенеуніктермен де ашық қақтығысқа барған адам. Оны Саакашвилидің өзі кеше Савик Шустердің бағдарламасында ашық айтып отырды.

«Көптеген шенеуніктер, тіпті, Зеленскийдің жақтастары Саакашвилиден қорқады. Оның қақтығысқа келуі де оңай, оны басқару да қиын», - дейді саясаттанушы Владимир Фесенко. Бір жағынан Зеленскийге Саакашвили сияқты көмекші керек. Грузияның бұрынғы президенті Шустердің кешегі бағдарламасында өзіне биліктің, креслоның қызық емес екенін айтты. «Кез келген министрдің, басшының көмекшісі де болуға дайынмын. Украинаны өзгерту үшін», – деді Саакашвили. Гурзияның тәжірибесі зор бұрынғы басшысы Украина үкіметіне келсе, жаңадан тағайындалған премьер Шмыгальға да үлкен көмек болар еді.

«Зеленский мен Саакашвили психоэмоционалды формат пен биомоторика жағынан жақын. Екеуі де холерик, нақты шешімдердің адамдары», – депті Фесенко. Және екеуін бұрынғы президент Порошенконы жек көретін сезімдері де біріктіреді.

Саакашвилиді ұсынып отырған Зеленский офисінің басшысы Андрей Ермак болуы мүмкін екен. Олар бұрыннан таныс, Киевтегі халықаралық қатынастар институтында қатар оқыған.

Кейбір мамандар Саакашвилидің Украина билігіне келуі Украинаның Ресеймен қарым-қатынасын одан ары қиындатып жібереді деп есептейді. Өйткені Саакашвили мен Путинның арасы көпке мәлім. Грузияда да бұрынғы президенттеріне көптеген айыптар тағылған. Өз билігін асыра пайдаланды деп те есептейтіндер бар. Бірақ Саакашвилидің өзі оны мойындамайды.

Саакашвили билікке келсе, ең алдымен салықты төмендетіп, 80 пайыз керегі жоқ ережелерді бұзамын деп отыр. Онсыз ешқандай өзгеріс болмайды деп есептейді саясаткер. Шустердің кешегі бағдарламасын Саакашвилидің әрекетіне көз тігіп отырғандардың бәрі тамашалағандай. Өзінің Еуропа елдерінің басшыларымен, АҚШ президентімен қарым-қатынасын айтып, Украинаға көмектесе аламын деген Саакашвили дегеніне жете ала ма?

Байланысты жаналықтар

Украинадағы соғысқа қатысқан қазақстандықтар тізімі: ІІМ пікір білдірді

02.04.2025

АМӨЗ Ресейге сатылады: мимнистрлік мәлімдеме жасады

02.04.2025

Трамптың Путин мен Зеленскийге көңілі толмай отыр

01.04.2025

Ресей биыл алғаш рет Украинаны дрондармен атқыламады

01.04.2025

Ресей Украинаға қаза тапқан 909 сарбаздың денесін қайтарды

28.03.2025

Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алған ресейліктер саны 87 мыңға жетті

28.03.2025
MalimBlocks
Украинадағы соғысқа қатысқан қазақстандықтар тізімі: ІІМ пікір білдірді

Украина мәліметінше, Ресей жағында 600-ден астам Қазақстан азаматы соғысып жүр. ҚР Ішкі істер министрлігі бұл деректердің дәлдігін растаған жоқ

АМӨЗ Ресейге сатылады: мимнистрлік мәлімдеме жасады

Энергетика министрлігі Атырау мұнай өңдеу зауытының ресейлік компанияға сатылатыны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Трамптың Путин мен Зеленскийге көңілі толмай отыр

Ресей биыл алғаш рет Украинаны дрондармен атқыламады

Ресей Украинаға қаза тапқан 909 сарбаздың денесін қайтарды

Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алған ресейліктер саны 87 мыңға жетті