«Жоғалып кеткен» Бауыржан Байбек неміс музыкантына қоладан мүсін тұрғызды

Германиялық БАҚ беттерінде суреті жарияланды

Malim Админ

  • 11.04.2023

Қаңтар оқиғасынан соң қызметсіз қалған Бауыржан Байбек ақпан айында неміс мәдениетіне қомақты демеушілік жасап, германиялық БАҚ беттерінде суреті жарияланды. Алматыда әкім болып, «Нұр Отанда» екі мәрте төрағаның бірінші орынбасары болған шенеунік енді өзінің кәсіби мамандығына бет бұра бастаған сынайлы.

Екі ай уақыт бұрын Бауыржан Байбектің Германиядағы мәдени іс-шараға құрметті қонақ ретінде қатысқанын жергілікті БАҚ жарыса жазған. Оған баса мән беруінің астарында Байбектің немістің ұлы музыкантына қойған бюстіне демеушілік жасағаны себеп болған көрінеді.

Кейін жұртшылықтың пианиношы Эвелинда Тренкнердің бюстіне риза болғаны айтылды. Ал қолада құйылған мүсіннің авторы ретінде мүсінші Клаус Герц есімі аталса, оған қаржы ұсынған Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбек екенін немістің мәдениетке жаны жақын азаматтары тамсана айтып жүріпті-міс.

Жұрт жадында болса, осыдан бес жыл бұрын Бауыржан Байбек Алматыдағы «Атакенттен» сабаннан тиіннің алып мүсінін қойдырған еді. Ал неміс мәдениетінің айтулы өкілінің мүсінін жасау үшін қомақты ақша бөлгеніне қарағанда Баукең сол елді қатты жақсы көретінін байқауға болатындай.

Жастау шағында музыкалық білім алып, кейін неміс жерінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша білімін жетілдірген Байбектің қаңтар оқиғасынан кейін елден елеусіз ғана кетіп қалғанын ешкім аңдамай қалып еді.

Кейін Түркияға барған жұрт оны Стамбул әуежайынан көрсе, тағы бірде Кипрде отбасымен жүргеніне бейнежазба арқылы куә болған-тұғын. 

Оқи отырыңыз: «Бұл сұрақтың маған қатысы жоқ». Байбектің трамвайы, Тоқаевтың сыны, Досаевтың жоспары

Байланысты жаналықтар

АҚШ Украинаға Patriot зымырандарын беретін болды

11.05.2025

Фридрих Мерц екінші талпыныстан кейін Германия канцлері болып сайланды

06.05.2025

Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирде жеңіске жетті

05.05.2025

Германияда 30 жыл өмір сүрген ер адам СҚО-дағы ауылына оралды

02.05.2025

Трамп тарифтерінен кейін неміс автоөндірушілері шығынға батты

01.05.2025

Қазақстанға ең көп турист қай елдерден келген?

21.04.2025
MalimBlocks
АҚШ Украинаға Patriot зымырандарын беретін болды

Америка «қорғаныс қызметтерін» 50 миллион доллар немесе одан да көп сомаға жеткізуге рұқсат берген

Фридрих Мерц екінші талпыныстан кейін Германия канцлері болып сайланды

Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирде жеңіске жетті

Жібек Құламбаеваның еншісінде 40 ITF жүлде бар

Германияда 30 жыл өмір сүрген ер адам СҚО-дағы ауылына оралды

Трамп тарифтерінен кейін неміс автоөндірушілері шығынға батты

Mercedes-Benz және Volkswagen концерндерінің операциялық пайдасы 40 пайызға төмендеді

Қазақстанға ең көп турист қай елдерден келген?

Былтыр елге 15,3 млн шетелдік қонақ келген