freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Президент Снежанна Имашеваны жаңа қызметке тағайындады

Оқиға
Президент Снежанна Имашеваны жаңа қызметке тағайындады
parlam.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Снежанна Имашева Қазақстандағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Снежанна Валерьевна Имашева Қазақстан Республикасындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - делінген хабарламада.

Снежанна Имашева 1981 жылы 20 сәуірде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

М.Өтемісов Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. (2001).

Еңбек өтілі:

«Тұран Әлем Банкі» ААҚ Ақсай филиалының бөлшек кредит беру маманы (08.2001-09.2001)

Нотариус көмекшісі (10.2001-07.2003)

«Жайық Холдинг» ЖШС заң кеңесшісі (08.2003-04.2005)

Заң кеңесшісі, «Ақсайэнерго» ЖШС өткізу қызметінің бастығы (05.2005-09.2011)

«Батыс энергоресурстар» ЖШС Бас директоры (09.2011-03.2016)

«Нұр Отан» партиясынан VI шақырылымдағы Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі (24.03.2016 бастап)

Жетінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (14.01.2021-19.01.2023), «Жаңа Қазақстан» парламенттік тобының мүшесі (02.2022-19.01.2023)

«АМАНАТ» партиясының партиялық тізімі бойынша сегізінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (28.03.2023 бастап), Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (29.03.2023 бастап)

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу