Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Путин Назарбаевпен кездескен соң енді Тоқаевқа қоңырау шалды

Саясат
Путин Назарбаевпен кездескен соң енді Тоқаевқа қоңырау шалды
Алексей Даничев / ТАСС

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Malim.kz.

Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ықпалдастықтың қазіргі жағдайын талқылады. Тараптар 2025 жылы екі ел арасындағы қарым-қатынас мазмұнды әрі нәтижелі болғанын атап өтті.

Сондай-ақ негізгі жетістіктердің бірі ретінде Қазақстан мен Ресей байланысының жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейіне көтерілгені айтылды. Бұл өзара ынтымақтастықтың жаңа әрі маңызды кезеңіне айналғаны жеткізілді.

Телефон әңгімесінде Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы қақтығысты реттеуге бағытталған келіссөз процесіндегі ілгерілеуді құптап, тұрақты әрі берік уағдаластыққа қол жеткізу үшін саяси-дипломатиялық тәсілдерді жалғастырудың маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Ресей Федерациясы Президентінің мемлекеттік резиденциясына жасалған шабуыл әрекеттерін айыптайтынын білдіріп, мұндай қадамдар бітімге келу мен қақтығысты саяси жолмен шешу үдерісіне кері әсер ететінін атап өтті.

Әңгімелесу соңында мемлекеттер басшылары бір-бірін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, екі ел халқына бақ-береке тіледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу