freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қайынапасына 32 рет пышақ сұққан. Сотта Сәрсемәлиевке қатысты жаңа деректер шықты

Құқық
Қайынапасына 32 рет пышақ сұққан. Сотта Сәрсемәлиевке қатысты жаңа деректер шықты
Ашық дереккөз

Атырауда бүтін бір отбасыны қырып салды деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот талқылауы өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Кезекті сот отырысында айыпталушы кінәсін ішінара мойындағанымен, жұбайының ағасы Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтірді деген айыппен келіспейтінін айтқан.

Оның сөзінше, ол өзін қорғау мақсатында әрекет еткен, ал өлім абайсызда болған.

Сонымен қатар, күдікті қайын атасы Мақсот Қарабалинге 9 рет пышақ сұққанын, қайын енесі Нәсипа Өтешқалиеваға 8 рет пышақ жарақатын салғанын, Мейрамгүл Қарабалинаны 32 рет пышақтағанын мойындаған.

Бұдан бөлек, ол ұрлық, алаяқтық және құжаттарды заңсыз иемдену деректері бойынша да кінәсін мойындаған.

Айта кетейік, төрт адамның сүйегі биыл қаңтар-наурыз аралығында табылған еді. Ал Сұлтан Сәрсемәлиев пен бұрынғы әйелі ақпанда Индонезияда ұсталды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу