Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағанды облысында 4 жұмысшыны пойыз қағып кетті

Оқиға
Қарағанды облысында 4 жұмысшыны пойыз қағып кетті
Фото: istockphoto.com

Қарағанды облысында рельс ауыстырып жүрген төрт жұмысшыны жүк пойызы қағып кетті. Төртеуі де оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz.

ҚТЖ-ның мәліметінше, 10 желтоқсан күні сағат 17:15-те Мойынты – Шығанақ учаскесіндегі Шешенқара-Қаражыңғыл аралығында жүк пойызының машинисі төтенше тежегіш қолданды. Бұл уақытта Сарышаған станциясының жол бригадасы рельсті ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатқан еді.

Қажетті барлық қауіпсіздік шаралары қолданылғанына қарамастан, апатты жағдайдың алдын алу мүмкін болған жоқ. Төрт қызметкер ауыр жарақат алып, қаза тапты.

«Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында «ҚТЖ» ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасының бұйрығымен арнайы комиссия құрылды. Комиссияны «ҚТЖ» ҰК АҚ басты инженері басқарады және құрамында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС басшылары мен Магистральдық желі дирекциясының өкілдері бар. Комиссия оқиға орнында жедел жұмыс істеп, тергеу жүргізіп жатыр. «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – делінген ҚТЖ хабарламасында.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу