Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қаралы қаңтар. Түймебаевтің ұлының өліміне күдікті ұсталды

Саясат
Қаралы қаңтар. Түймебаевтің ұлының өліміне күдікті ұсталды

Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтің ұлын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы  Бас прокуратура мәлімдеді.

Бас прокуратураның хабарламасында «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтің ұлының өліміне күдікті ұсталып, қамауда отыр», - делінген.  

Еске салсақ, Ж.Түймебаевтің ұлы биылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде белгісіз біреулер қолынан қаза тапқаны туралы хабарланған.   

«6 қаңтар күні кешкі сағат 18.35 минут шамасында Алматыда комменданттық сағат басталмас бұрын, Елнар Н.Назарбаев көшесімен жоғары көтеріліп, үйіне қайтып келе жатқан. Қ.Сәтбаев көшесіне жетпей, қиылыста тоқтап тұрған сәтінде күтпеген жерден көлігіне белгісіз адамдар бірнеше рет оқ атқан. Ол алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды»,- деп хабарлаған еді аталған оқу орнының баспасөз қызметі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу