Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарашөкеев Жамбыл облысына тартылған 4 трлн-ға жуық инвестицияның құрамын атап көрсетті

Экономика
Қарашөкеев Жамбыл облысына тартылған 4 трлн-ға жуық инвестицияның құрамын атап көрсетті
© abkaz.kz

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметіндегі есеп беру брифингінде облысқа келген ірі инвесторлар мен олардың жобаларын атап өтті.

Инвестиция көлемі артып келеді

Әкімнің айтуынша, жыл басынан бері өңір экономикасына 553,6 млрд теңге инвестиция тартылған. Оның 82%-ы — жеке сектордың үлесі.

Былтыр болса - жалпы құны 161 млрд теңге болатын 26 жоба жүзеге асырылып, 1,1 мың жұмыс орны ашылады.

Ірі өндірістік жобалар

Ербол Қарашөкеев бірқатар стратегиялық жобалардың басталғанын атап өтті:

  • SHENGTAI BIOTECH жылына 3 млн тонна жүгеріні терең өңдейтін зауыт құрылысына кірісті.
  • YONGGANG IRON AND STEEL GROUP — жылдық қуаты 3 млн тонна металл прокатын шығаратын зауыт салуда.
  • ЕВРОХИМ - жылына 800 мың тонна күкірт қышқылын өндіретін кешеннің алғашқы кезеңін іске қосады.

Азық-түлік және өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа бастамалар

Облыста келесідей ауқымды агроиндустриялық жобалар да қолға алынған:

  • ZHONGKAI KAZAKHSTAN INTERNATIONAL SUGAR INDUSTRY COMPANYжылына 1 млн тонна қант қызылшасын өңдеп, 130 мың тонна қант және қосымша өнімдер шығаратын заманауи қант зауытын салып жатыр.
  • QAZAQ SODA – жылына 1 млн тонна кальцилендірілген сода өндіретін жобаға кірісті.
  • Қордай ауданындағы Гагаринское кен орнында жылына 500 мың тонна алтын құрамды кен өндіретін ШОҚПАР-ГАГАРИН тау-кен байыту кешенінің құрылысы жүріп жатыр.

Химия және энергетика салаларындағы жобалар

  • ALTYNALMAS REAGENTS – жылына 25 мың тонна натрий цианидін өндіретін өндіріс ашады.
  • KAZAKHSTAN HYDROGEN PEROXIDE – жылына 30 мың тонна сутек пероксидін шығарады.
  • TOTAL ERENқуаты 1 гигаватт және энергия сақтау жүйесі бар жел электр станциясын салады.
  • MASDAR – қуаты 300 МВт болатын жел электр станциясы мен энергия сақтау кешенін іске асырады.

Әкімнің айтуынша, осы ірі жобалардың жүзеге асуы облыс экономикасына қосымша 3,8 трлн теңге инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Жобалардың негізгі бөлігі арнайы экономикалық аймақтарда орналасқан

Бірқатар өндіріс орындары мен ірі инфрақұрылымдық жобалар «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағында және «Тараз» индустриялық аймағында іске асырылып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу