Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қаржы пирамидасына тағы 125 адам алданып қалды

Қоғам
Қаржы пирамидасына тағы 125 адам алданып қалды
видеодан скрин

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті «HAS» қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккен азаматтардың өтініші негізінде жаңа эпизодтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

 Бұған дейін сот қаржылық пирамиданы ұйымдастырушыларын 6 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын.
Жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеу мақсатында салымшылардың қаражатына сатып алынған, жалпы құны 1,2 млрд теңгеден асатын мүлік соттың шешімімен өндіріп алуға жіберілді.

Өндіріп алынған активтердің қатарында 4 пәтер, 18 автокөлік, 3 жер учаскесі, автотұрақ орындары, тұрғын емес үй-жай және банк шоттарындағы ақшалай қаражат бар.
Сот орындаушылары жәбірленушілерге 300 млн теңге көлемінде төлем жүргізді.

Қазіргі уақытта жалпы сомасы 821 млн теңгеден асатын залалмен 125-тен астам жәбірленушіден арыз түсті. Сонымен қатар салымшылардың қаражаты есебінен ұйымдастырушы елорда аумағында орналасқан, құны 525 млн теңге болатын жер учаскелерімен бірге «A.D.A.M. group» ЖШС-ін сатып алғаны анықталды. Аталған мүлік оны жасыру мақсатында ұйымдастырушының танысының атына рәсімделген.

Соттың санкциясымен көрсетілген мүлікке тыйым салынды.

Осы жылдың 6 қаңтарында күдіктілердің әрекеттері қайта сараланып, оларға ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету, қаржылық пирамиданы ұйымдастыру және жарнамалау, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру баптары бойынша айып тағылды.
Тергеу жалғасып жатыр.

Қаржылық мониторинг агенттігі «HAS» қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккен азаматтарды аумақтық бөлімшелерге арызбен жүгінуге шақырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу