Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады

Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Жаңа Орлеан қаласындағы қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, АҚШ Президенті мен жақынынан айырылған отбасыларға өзінің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Сонымен қатар Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп, мұндай қастандық әрекетті қатаң айыптайтынын жеткізген.

Айта кетейік, бұған дейін Луизиана штатының Нью-Орлеан қаласында Жаңа жыл түнінде көлік тізгіндеген адам көшедегі жұртты соғып өткенін жазған едік. Оқиға салдарынан 15 адам қаза тауып, кемінде 35 адам жарақат алған.

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу