Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақ күресінен әлем чемпионаты Үндістанда өтпек

Спорт
Қазақ күресінен әлем чемпионаты Үндістанда өтпек

26-27 ақпан аралығында Үндістанның Дели қаласында қазақ күресінен ересектер арасындағы кезекті Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Биылғы балуандар бәсекесіне 20-дан аса елден 200-ге жуық балуан қатысады деп күтілуде. Екі күнге созылатын чемпионатының бағдарламасына сәйкес, жүзден жүйрік, мыңннан тұлпар спортшылар (ерлер мен әйелдер) 16 салмақ дәрежесінде сынға түсетін болады.

Қазіргі таңда отандық балуандар тартысты додаға өте қызу дайындалуда. Қазақ күресінен ҚР ұлттық құрамасының өкілдері 14 ақпан күні Әлем чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Алматы қаласына бет алады.

Екіжылдықтың басты додасында ел намысын қорғайтын ұлттық құрама сапында Бекжан Төлепов, Жұмажан Қожамбеков, Ерсұлтан Мұзаппаров, Нұрдәулет Жарылғапов, ⁠Зарина Сарипова, Рауза Нұрмахамметова және Роза Нысантайқызы сынды үздіктер бар.

Фото: qazaqkuresi.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу