Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті «QazaqGaz Aimaq» АҚ Жетісу өндірістік филиалының директоры Айбек Ерғалидің ұсталғанын растады, деп хабарлайды Malim.kz Kazinform агенттігіне сілтеп.
Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін қосымша ақпарат жарияланбайды.
- ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу ақпараты жария етілмейді, - деп түсіндірді ҰҚК.
Айта кету керек, Айбек Ерғали қамауға алынғаннан бір күн бұрын БАҚ өкілдеріне брифинг өткізіп, оның барысында жергілікті тұрғындар үшін газ бағасының өсуіне қатысты мәселелерді түсіндірді.