freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Қазақмыс» пен Ғылым министрлігі инженерлік білімді дамытудың жаңа кезеңін бастады

Білім-ғылым
«Қазақмыс» пен Ғылым министрлігі инженерлік білімді дамытудың жаңа кезеңін бастады
ФОТО: © «Қазақмыс» корпорациясы

«Қазақмыс» корпорациясы мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тау-кен металлургия саласына инженерлер даярлау және ғылыми шешімдерді өндіріске енгізу бойынша ынтымақтастықты нығайту туралы келісімге келді.

Министр Саясат Нұрбек пен корпорация басшысы Руслан Өскенәлінің кездесуі барысында Ұлытау облысында халықаралық стандарттарға сай білім беру хабын құру мәселелері талқыланды. Бұл бағыттағы басты қадамдардың бірі — әлемге әйгілі Colorado School of Mines пен Ұлытау университетінің бірлескен филиалын ашу болмақ. Бұл жоба өңірдің ғылыми-білім беру әлеуетін нығайтып, оқу бағдарламаларына халықаралық стандарттарды енгізуге мүмкіндік береді.

Білім беру саласындағы маңызды бастама ретінде үш дипломды бағдарлама бойынша оқитын студенттерге арналған жыл сайынғы 100 грантты атап өтуге болады. Министрлік пен компания тең үлес негізінде бөлген бұл гранттар алдағы бес жыл ішінде Қазақстан мен Орталық Азиядағы индустрияның дамуына серпін беріп, жоғары білікті инженерлердің тұрақты ағынын қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, корпорацияның 15 қызметкері қазірдің өзінде индустриялық PhD бағдарламасы аясында тау-кен ісі мен металлургия бойынша білімін жетілдіруде. Бұған қоса, тараптар «Болашақ» бағдарламасы арқылы мамандарды оқыту және тәлімгерлік жобаларын бірлесіп дамыту мүмкіндіктерін қарастырды.

Технологиялық жаңашылдықтарды енгізу мақсатында «Қазақмыс» ғылыми-технологиялық хакатондарды өткізуді жүйелі түрде жалғастырмақ. Бұған дейін өткен екі хакатон аясында 23-тен астам нақты өндірістік міндет шешімін тапқан болатын. 2026 жылдың елімізде «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» болып жариялануына байланысты биыл үшінші хакатон ұйымдастырылады. Бұл жолғы шара тау-кен металлургия кешеніне жасанды интеллект шешімдерін енгізуге, автоматтандыру мен өнеркәсіптік цифрландыруды тереңдетуге арналады. Мұндай қадамдар Ұлытау өңірінің тұрақты дамуы мен өндірістің технологиялық деңгейін жаңа сапалы биікке көтерудің негізгі факторына айналады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу