freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Qazaqstan Barysy Grand Slam: Талғат Орынбасар Олимпиада жүлдегерін жеңіп, финалға шықты

Спорт
Qazaqstan Barysy Grand Slam: Талғат Орынбасар Олимпиада жүлдегерін жеңіп, финалға шықты
ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Талғат Орынбасар Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің алтын жүлдесі үшін күреседі, деп хабарлайды Malim.kz.

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Токио-2020 Олимпиадасының күміс жүлдегері Тайпей өкілі Ян Юнвэйді жеңді.

Осылайша ол ақтық сынға жолдама алды. Талғат финалда моңғолиялық Сухбат Бямбасурэн арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі. Бұдан бөлек, Қазақстан құрамасының 5 балуаны қола жүлде үшін белдеседі. 

Олардың қатарында Шерзод Давлатов пен Мағжан Шамшадинмен қола медальді өзара сарапқа салса, Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов (66 кг) және әйелдер арасында Меруерт Сәрсенова 52 келіге дейінгі салмақта ресейлік Лилия Нугаевамен күш сынасады.

Айта кетейік, финалдық кезең 17:00-де басталады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу