Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін 1 млрд доллар төлемейді

Әлем
Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін 1 млрд доллар төлемейді
Ақорда

Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін 1 млрд доллар жарна төлемейді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті.

Ақорданың мәліметінше, Бейбітшілік кеңесіне қатысу мемлекеттердің дербес шешіміне негізделеді. Мемлекеттер Кеңес құрамына енгеннен бастап үш жыл мүше бола алады.

- Жарғыда айтылған 1 миллиард доллар көлеміндегі ерікті жарна мүшеліктің шарты болып саналмайды. Егер алғашқы жылда мұндай жарна төленген болса, мемлекет Кеңес құрамындағы мерзімін үш жылдан әрі ұзарта алады. Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіруге қандай да бір қаржы төлеген жоқ. Бұл Жарғы ережелеріне толық сай келеді, - деп түсіндірді Ақордадан.
Айта кетейік, кеше, 22 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды.

 https://kaz.inform.kz/news/kazakstan-beybtshlk-kenesne-kru-ushn-1-mlrd-dollar-zharna-tolemeyd-c9dd10/

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу