Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында 10 алтын медаль жеңіп алды

Спорт
Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында 10 алтын медаль жеңіп алды

Бокстан 10-24 мамыр аралығында Коломбода (Шри-Ланка) өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында жастар санаты бойынша жарыс мәресіне жетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Бүгін жастар арасындағы (2007-2008 жылы дүниеге келген) 25 салмақ бойынша (13 ұл және 12 қыз) жеңімпаздардың есімі белгілі болды. Ұлдардың арасынан 11 боксшымыз финалда жұдырықтасып, 10 алтын медаль алды. 86 келідегі Нұрсұлтан Қыстаубай қола жүлдегер атанса, 71 келіде жүлде бұйырмады.

Азия чемпионатының жүлдегерлері:

1-орын. Нұрхан Құмарбеков (48 келі)

1-орын. Досымжан Таңатар (51 келі)

1-орын. Алдияр Бахадүр (54 келі)

1-орын. Нығман Нығмет (57 келі)

1-орын. Әділет Тортубек (60 келі)

1-орын. Мұхит Нұрқабылұлы (63.5 келі)

1-орын. Сұлтан Тұрдалы (67 келі)

1-орын. Игорь Соловьёв (80 келі)

1-орын. Расул Асанханов (92 келі)

1-орын. Бексұлтан Қайратұлы (+92 келі)

2-орын. Жасұлан Бердалы (75 келі)

3-орын. Нұрсұлтан Қыстаубай (86 келі).

Айта кетейік, санаулы сәттер бұрын ғана қыздарымыз барлық 12 салмақта топ жарған болатын.

Алтын саны бойынша жалпы көрсеткіш:

Қазақстан – 22 алтын

Тәжікстан – 2 алтын

Қырғызстан – 1 алтын

Салыстырмалы түрде 2024 жылы Астанада өткен Азия чемпионатында жастарымыз 11 алтын (қыздар – 6, ұлдар - 5 ) еншілеген еді.

Фото: gov.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу