freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық бағыттар айқындалды

Саясат
Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық бағыттар айқындалды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Франция Президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Malim.kz.

Француз тарапының бастамасы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында француз көшбасшысы Қазақстан Президентін жаңа Конституцияға арналған жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады. Ол аталған уақиғаның тарихи маңызын, сондай-ақ елді одан әрі жаңғырту жолындағы қарышты қадам екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентінің қолдауы және референдум нәтижесіне жоғары баға бергені үшін алғыс айтты.

Тараптар экономикадағы, әсіресе, индустрия мен энергетика салаларындағы өзара ықпалдастыққа көңілдері толатынын, сондай-ақ осы бағыттағы бірлескен күш-жігерді жалғастыруға бейіл екендерін жеткізді.

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастық және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылау мақсатында алдағы уақытта кездесуге уағдаласты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу