freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан мен Словения президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады

Саясат •
Қазақстан мен Словения президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады

Қазақстан мен Словения президенттерінің келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданды, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі.

Ресми делегация мүшелері төмендегідей құжаттарға қол қойды:
1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Словения Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновация министрлігі арасындағы білім және ғылым саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Словения Республикасы Экономика, туризм және спорт министрлігі арасындағы туризм саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
3. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Словенияның Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізген еді.

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу