Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан мен Түрікменстан стратегиялық серіктестікті дамытуға ниетті

Саясат
Қазақстан мен Түрікменстан стратегиялық серіктестікті дамытуға ниетті

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан Президенті Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына шақырғаны үшін Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған іс-шара осы санатқа жататын елдердің жағдайына қатысты өзекті мәселелер туралы пікір алмасып, нақты шешімдер әзірлейтін маңызды алаң екеніне назар аударды.

Кездесу барысында сауда-экономика, энергетика, көлік-транзит салаларындағы серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға бейіл екенін тағы да растады.

Фото: t.me/aqorda_resmi

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу