Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының алдағы оқу-жаттығу жиынын 29 мамыр мен 4 маусым аралығында Шымкент қаласында өткізеді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.
Бас бапкер Талғат Байсуфинов маусым айында Армения және Мажарстанға қарсы жолдастық кездесулерге шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады.
Қазақстан құрамасының тізімі:
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»).
Қорғаушылар: Александр Мрынский, Еркін Тапалов (екеуі де – «Қайрат»), Арсен Әшірбек, Әділбек Жұмаханов (екеуі де – «Елімай»), Сұлтанбек Астанов, Сергей Малый (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Әлібек Қасым, Ян Вороговский (екеуі де – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Санжар Сатанов («Атырау»), Сағи Совет («Қайсар»).
Жартылай қорғаушылар: Айбол Әбікен, Батырхан Тәжібай (екеуі де – «Қайсар»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхаммед Қараман, Станислав Басманов, Бауыржан Исламхан (барлығы – «Астана»), Серікжан Мужиков («Жетісу»), Рамазан Оразов, Алмас Төлібай (екеуі де – «Елімай»), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Әбинұр Нұрымбет («Оқжетпес»).
Шабуылшылар: Роман Муртазаев, Иван Свиридов (екеуі де – «Елімай»), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Мағжан Тоқтыбай, Жасұлан Әмір (екеуі де – «Ордабасы»), Мақсат Абраев («Астана»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей).