Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан құрамасы теннистен Дэвис кубогінің алғашқы матчында жеңіліп қалды

Спорт
Қазақстан құрамасы теннистен Дэвис кубогінің алғашқы матчында жеңіліп қалды

Қазақстанның Дэвис-2024 кубогындағы алғашқы матчы үлкен сенсациямен аяқталды. Sportarena.kz жазуынша, Бублик ашуын баса алмай Beeline Arena-да өткен матчта сәтсіздікке ұшырады, деп хабарлайды Malim.kz.

Сөйтіп, Қазақстан құрамасы Астанада өтіп жатқан Дэвис-2024 кубогында І әлемдік топта Данияға қарсы бастапқы матчта жеңіліп қалды.

Ел құрамасының алғашқы ойынын даниялық Эльмер Мюлерге қарсы ойында үздік қазақстандық теннисші Александр Бублик бастаған еді.

Бублик «хардта» даниялық Мюллерді жеңе алмады. Матч 1 сағат 30 минутқа созылып, 6:1, 2:6, 2:6 есебімен аяқталды.

Екінші матчта Александр Шевченко мен Август Холмгрен шығып, ол ойын да шетелдік команда мүшесінің пайдасына шешілді. Есеп – 6:7, 3:6.

Фото: Kazakhstan Tennis Federation

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу