freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Қазақстан темір жолына» жаңа басшы тағайындалды

Қоғам
«Қазақстан темір жолына» жаңа басшы тағайындалды
Фото: ҚТЖ АҚ

Бауыржан Орынбасаров «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Тиісті шешім туралы «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бауыржан Орынбасаров – теміржол саласында 30 жылдан астам еңбек еткен маман. Ол еңбек жолын 1993 жылы Батыс Қазақстан темір жолында бастап, кейін Қызылорда, Алматы және Қарағанды бөлімшелерінде түрлі өндірістік және басшылық қызметтерді атқарған.

Әр жылдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында бас инженер, операциялық жұмыс жөніндегі басқарушы директор, вице-президент, инфрақұрылымдық жобалар жөніндегі вице-президент, сондай-ақ магистральдық желі дирекциясының директоры қызметтерін атқарды.

2022 жылдан бері «ҚТЖ» ұлттық компаниясында өндірістік үдерістер жөніндегі басқарушы директор болып жұмыс істеп келді.

Бауыржан Орынбасаров 1993 жылы Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Тасымалдау үдерістерін басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Теміржол саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ол «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.

Еске салайық, бұған дейін ҚТЖ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов қызметінен босатылғанын жазған едік. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу