Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда алғаш рет мектепте жаңа лауазым пайда болды

Білім-ғылым
Қазақстанда алғаш рет мектепте жаңа лауазым пайда болды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еліміздің орта білім беру ұйымдарында педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл бастама оқушыларға мамандық таңдауда ерте бағыт-бағдар беруге, сондай-ақ оқушылар, ата-аналар, педагогтер, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Педагог-кәсіптік бағдар берушінің негізгі міндеттері:

Оқушыларға мамандық пен білім бағытын таңдауда қолдау көрсету;

Жеке және топтық кәсіби кеңес беру жұмыстарын жүргізу;

Кәсіптік бағдар беруге арналған іс-шараларды ұйымдастыру;

Жұмыспен қамту орталықтарымен, колледждермен және кәсіпорындармен байланыс орнату;

Оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен заманауи үрдістер туралы ақпарат беру.

Министрлік жаңа лауазымның енгізілуі оқушылардың сана­лы әрі дұрыс кәсіптік таңдау жасауына көмектеседі, жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, еңбекке бейім, білікті және бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді деп есептейді.

Фото: b92.net

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу