Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов Grammy премиясын жеңіп алды

Сұқбат
Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов Grammy премиясын жеңіп алды

Қазақстаннан шыққан 20 жастағы диджей Imanbek (толық аты-жөні Иманбек Зейкенов) Grammy сыйлығын жеңіп алды.  Сыйлық Saint Jhn-ның "Roses" композициясына жасаған ремиксі үшін берілді. Иманбек – Grammy сыйлығын ұтқан алғашқы қазақстандық.

"Музыканттың карьерасындағы ең жарқын нәрсе – Grammy сыйлығын алу. Біз соған қол жеткіздік. "Анама, әкеме, командама, менеджер Кирилге рахмет! "Грэммиге" рахмет!" - дейді Imanbek.

Imanbek "Roses" композициясына ремиксті небәрі 2 сағат 20 минутта жазып шыққан. "Roses" әні 2016 жылы шыққан, бірақ Иманбек Зейкенов 2019 жылы әнге ремикс жазған соң, "Roses" танымал композицияға айналды.

Иманбек жазған ремикс Shazam чарты мен американдық Billboard чартына кірді. Артынша Ресейдің  Effective Records компаниясы Иманбекпен келісімшарт жасасты.

Иманбек Зейкенов Павлодар облысының Ақсу қаласында теміржолшы болып істеген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу