Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандық спортшы таеквондодан әлем чемпионы атанды

Спорт
Қазақстандық спортшы таеквондодан  әлем чемпионы атанды

Таеквондодан (WT) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

65 келіден жоғары салмақта сынға түскен Сағынғали Жантөре финалда украиналық Максим Шудженкодан басым түсті. 

Сондай-ақ, жарыстың үшінші күнінде Қазақстан қоржыны тағы екі қоламен толықты. Жасөспірім қыздар Алла Цой (-47 кг) мен Аида Гожалимова (-51 кг) Фуджейрадағы Әлем чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.

Айта кетерлігі, бұған дейін Ромашкин Хамзаальпер (-61 кг) әлем біріншілігінде топ жарған болатын. 

Әлем чемпионатына 80 елден 811 жасөспірім таеквондошы қатысып жатыр. Жарыс 14 мамырға дейін жалғасады. 
Фото: Қазақстан таэквондо федерациясы

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу