Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандық танымал актер қамауға алынды

Құқық
Қазақстандық танымал актер қамауға алынды

Актер Шәріп Серік 5 тәулікке қамалды. Мұны актердің бұрынғы сүйіктісі Әлия Бутеева жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлия Бутееваның сөзінше, 4 сәуірде әкімшілік сот өтіп Шәріп Серік өз кінәсін мойындады. Осылайша ол 5 тәулікке қамауға алынды.

Бүгін Шәріптің соты болды. Оны 73 баптың баптың 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 5 тәулікке қамады. Бұл шешім қаншалықты әділ немесе әділ емес деп айтпаймын,- деп жазды Бутеева.

Айта кетейік, көпшілікке «Шакенти» лақап атымен танылған қазақстандық актер әрі блогер Шәріп Серік тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты айыпталып жатыр.

Фото: видеодан кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу