Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қоғамдық орында боқтайтындарға айыппұл көбейді

Сұқбат
Қоғамдық орында боқтайтындарға айыппұл көбейді

Бүгіннен бастап қоғамдық орында боқтық сөз айтатындар төрт есе артығымен айыппұл төлейді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұған дейін сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 АЕК (17 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салатын немесе 15 тәулікке дейін қамауға алатын. Ал бүгіннен бастап айыппұл 20 АЕК яғни 69 000 теңге  болды.  Қамауға алу 5-тен 30 тәулікке дейін ұзарады.

Қоғамдық орында балағат сөз айту Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінде «ұсақ бұзақылық» санатына жатады. Сондай-ақ, ұсақ бұзақылық қатарына жеке тұлғаларды қорлау және оларға қысым көрсету, ғимараттарға, құрылыстарға, тұрғын үй-жайларға, көліктегі және қоғамдық орындардағы мүлікке нұқсан келтіру, айналаға құрметсіздік білдіретін, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын жайттар жатады.

ІІМ өкілі  Азамат Құрымбаев: «Соңғы жылдары бөтеннің мүлкіне, оның ішінде азаматтар ортақ пайдаланатын заттарға қасақана зақым келтіру фактілері жиіледі. Сіздер өмірде кіреберістердегі зақымдалған лифттер, айналасы сынған, түймелері өртенген, түрлі жазумен бүлдірген фактілерге тап болған шығарсыздар. Көбіне мұндай әрекетті адамдар қасақана жасайды. Яғни, олар саналы түрде басқаның мүлкін бүлдіреді», деп түсіндірді.      

Оның айтуынша, залал мөлшері оған жетпеген жағдайда азаматтар өздері дәлел жинау, олардың жүрген жерін білу сияқты мәселелермен айналысады. Өйткені залалды өтеу азаматтық-құқықтық алаңда шешіледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу