Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қостанай – Алматы бағытындағы пойыз өртенді

Оқиға
Қостанай – Алматы бағытындағы пойыз өртенді

Қостанайдан Алматыға бағыт алған жеке жолаушылар пойызында өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан темір жолының мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

Оқиға 22 наурыз күні сағат 11:13-те Астана – Қарағанды – Сортировочная теміржол учаскесінде болды. Өрт «Түрксіб Астана» жекеменшік тасымалдаушысына тиесілі пойызда шыққан. Өрт жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалын шарпыған вагон дереу құрамнан ажыратылды. Оқиға орнына Астана станциясынан арнайы өрт сөндіру пойызы келіп, тілсіз жау құтқарушылар мен теміржолшылардың күшімен толықтай ауыздықталды, – делінген ресми хабарламада.

Қазіргі таңда мамандар оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

Фото: ҚТЖ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу