Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қостанай облысында 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Оқиға
Қостанай облысында 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Қостанай облысында полицейлер кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

NeMolchi қорының мәліметінше, Лисаков қаласының тұрғыны өгей қызын зорлаған. Ер адам қалаға танымал кәсіпкер екені, қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаты болуы мүмкін делінген.

Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті ұсталды.

"16 жасқа толмаған адамға қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер жасау дерегі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазір қажет тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынып, сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді", - деп хабарлады полициядан.

Полицейлер ұсталғанның «жеке ұйым қызметкері» екенін айтты. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды.

Фото: Pixabay.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу