Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қырғызстанда қаза тапқан төрт баланың денесі Өскеменге жеткізілді

Қоғам
Қырғызстанда қаза тапқан төрт баланың денесі Өскеменге жеткізілді

Қырғызстанда қаза тапқан төрт қазақстандық баланың денесі Өскеменге жеткізілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бүгін қаза тапқандардың денесі Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылды, оған өңірдің барлық қызметтерінің мамандары кірді, - делінген Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің хабарламасында.

Жергілікті атқарушы органдар мен «Халифа Алтай» мешіті жерлеуді ұйымдастыруды және өткізуді өз мойнына алды. Өңірдің кәсіпорындары мен кәсіпкерлері де отбасыларға көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Жұма, 28 маусым күні, Қырғызстанның Ош облысы Ноокат ауданында сел жүріп өтті. Салдарынан жолдар, көпірлер қирап, тұрғын үйлер су астында қалды. Қаза тапқандардың арасында Қазақстаннан төрт бала бар. «Абшыр-Ата» демалыс аймағынан 1400 демалушы эвакуацияланды. ТЖ режимі жарияланды.

Фото: ШҚО әкімдігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу