Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қырғызстанда шенеуніктер енді автобуспен жүреді

Әлем
Қырғызстанда шенеуніктер енді автобуспен жүреді

Қырғызстанда кейбір шенеуніктерге сейсенбі және бейсенбі күндері жеке көліктерін қолдануға тыйым салынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл күндері олар тек қоғамдық көлікті пайдалана алады. Тиісті құжатқа Бішкек мэрі Айбек Джунушалиев қол қойды.

Құжатқа сәйкес, Бішкек мэриясы орталық аппаратының бөлім, ведомстволық және аумақтық бөлімшелерінің, муниципальді мекемелерінің басшылары мен қызметкерлеріне мынадай талаптар қойылды:

- әр аптада сейсенбі және бейсенбі күндері қалада тек қоғамдық көліктерді қолдану;

- қоғамдық көлікте жүргізушілердің санитарлық нормаларды сақтауына, қызмет көрсету сапасына және төлем амалдарына бақылау жасау;

- қызметтік көліктерді тек жұмыста қолдану.

Сонымен қатар әр айдың 25-іне дейін тиісті мекемелер атқарылған жұмыс бойынша есеп беруі керек.

Фото: bishkek.gov.kg

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу