freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қырғызстанда ҰҚМК жемқорлыққа қарсы басқармасының басшысы ұсталды

Құқық
Қырғызстанда ҰҚМК жемқорлыққа қарсы басқармасының басшысы ұсталды
pixabay

Қырғызстанда ҰҚМК жемқорлыққа қарсы басқармасының басшысы ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq.org сайтына сілтеп. 

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетіне қарасты аса ерекше маңызды істер жөніндегі алтыншы бас басқармасының жетекшісі Тілек Әбдіхалықов ұсталды. Бішкек соты оны 15 сәуірге дейін қамауға рұқсат берді.

Сот мәліметінше, оған "Жемқорлық" бабы бойынша айып тағылған.

Ашық дереккөздерде Тілек Әбдіхалықов жөнінде толық ақпарат жоқтың қасы. ҰҚМК-ның жемқорлықпен күрес қызметі жойылғаннан кейін жемқорлық күрес алтыншы бас басқармаға жүктелген еді.

Бұған дейін Қырғызстан президентінің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиевті мерзімінен бұрын жұмыстан босатқанын жазған болатынбыз. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу