Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қытай АҚШ-тан Тайваньға қару-жарақ сатқаны үшін кек аламыз деп қорқытты

Саясат
Қытай АҚШ-тан Тайваньға қару-жарақ сатқаны үшін кек аламыз деп қорқытты

                                     Фото: www.dw.com

Бейжің Американың Тайваньға қару-жарақ жеткізуіне және Тайвань президентінің Гавайиге сапарына наразылық білдірді. Қытай Сыртқы істер министрлігі «егемендік пен аумақтық тұтастықты» қорғау үшін «нақты әрекет» жасаймыз деп қорқытты, деп хабарлайды www.dw.com сайты.

Қытай билігі АҚШ-тың Тайваньға қару сатуға рұқсат бергеніне наразылығын білдірді. Қытай Сыртқы істер министрлігі жексенбі күні, 1 желтоқсанда «егемендігін, қауіпсіздігін және аумақтық тұтастығын берік қорғау» үшін «айрықша шарамен» жауап беретінін мәлімдеді.

Пекин Вашингтонды Қытай өзінің бүлікшіл провинциясы деп санайтын Тайваньға қару-жарақ жеткізуді дереу тоқтатуға шақырды. Бір күн бұрын Американың мемлекеттік департаменті Тайбэйге жалпы сомасы 385 миллион доллар тұратын қарудың тағы бір партиясын сатуға рұқсат бергені хабарланған болатын. Әңгіме F-16 жойғыш ұшақтарына қосалқы бөлшектерді, радиолокациялық жүйелерді, сондай-ақ модернизацияланған мобильді байланыс құралдарын жеткізу туралы болып отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу