Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қызды интимдік суреттермен бопсалаған маңғыстаулық ер адам ұсталды

Құқық
Қызды интимдік суреттермен бопсалаған маңғыстаулық ер адам ұсталды
Polisia.kz

Маңғыстау облысында 26 жастағы жәбірленуші әлдекімнің өзін интимдік суреттермен бопсалап, ақша талап жүргенін айтып, полицияға жүгінді. Бұл туралы  Malim.kz. Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Портал мәліметінше, 26 жастағы ер адам жәбірленушінің интимдік сипаттағы суреттерін әлеуметтік желілерде және туыстарына жариялаймын деп қорқытып, бір миллион теңге көлемінде ақша бопсалаған.

“Күдікті 17 қаңтарда WhatsApp мессенджері арқылы жәбірленушіден алдымен 200 мың теңге аударуды, ал қалған 800 мың теңгені 20 қаңтарға дейін беруді талап еткен. Ақшаны шот арқылы аудартпақ болған. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 17 қаңтарда Жаңаөзен қаласында екі ер адам ұсталды. Тінту барысында күдіктіден көк түсті iPhone 14 Pro Max, ал екінші күдіктіден қара түсті iPhone 11 телефондары заттай дәлелдеме ретінде тәркіленді”, – деп мәлімдеді полиция.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 194-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мәліметтер сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция күдіктілердің уақытша ұстау изоляторына қамалып, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу