Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қызылордада көліктер тиелген жүк көлігі аударылды

Оқиға
Қызылордада көліктер тиелген жүк көлігі аударылды

Қызылорда қаласының тұсында Шымкенттен Ақтөбе қаласына бағыт алып бара жатқан DAF маркалы автокөлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Бұл жөнінде әлеуметтік желіде бейнежазба жарияланды. Онда жеңіл автокөліктер тиелген жүк көлігінің тайғақ салдарынан аударылып қалғаны көрсетілген.

— Оқиға, 5 желтоқсанда сағат 6:30 шамасында М-32 «Шымкент-Самара» тас жолының 1807 шақырымында тіркелді. Оқиға Қызылорда қаласына қарасты Ж. Маханбетов ауылы тұсында болды. Шымкенттен Ақтөбе қаласына бағыт алып бара жатқан «DAF» маркалы автокөлігінің басқару жүйесіне ие бола алмай аударылған. Автокөлікке материалдық шығын келген. Дене жарақатын алғандар жоқ, — деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Фото: Видеодан кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу