Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресей Одесса мен Павлоградқа жаппай әуе шабуыл жасады

Әлем
Ресей Одесса мен Павлоградқа жаппай әуе шабуыл жасады

19 шілдеге қараған түні Ресей Украина аумағына әуе арқылы кезекті жаппай соққы берді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Одессада шамамен 20 соққы жасаушы дрон қолданылған шабуыл нәтижесінде бір адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды. Көпқабатты тұрғын үйлерге зақым келіп, бір ғимаратта өрт шыққаны туралы қала мэрі Геннадий Труханов пен облыстық әскери әкімшілік басшысы Олег Кипер хабарлады.

Павлоград қаласында (Днепропетров облысы) жергілікті билік оны "қалаға жасалған ең жойқын шабуыл" деп атады. Облыс әкімінің айтуынша, Ресей зымырандар мен дрондарды пайдаланып, өрт сөндіру бөлімін, өнеркәсіптік кәсіпорындарды және бесқабатты ғимаратты қиратқан.

Сергей Лысак: "Павлоград үшін тозақ түн мен таң. Жарылыс артынан жарылыс. Ресейлік террористер қалаға бағытталған жаппай шабуыл жасады."

Жағдай бақылауда, құтқару және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Фото: Nina Liashonok/REUTERS

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу