Абу-Дабиде Ресей, Украина және АҚШ өкілдерінің Ресейдің Украинаға басып кіруін тоқтату жөніндегі келіссөздерінің екінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Жабық отырыс шамамен үш сағатқа созылды.
Бұл — Вашингтон ұсынған бейбітшілік жоспары бойынша ресейлік және украиндық делегациялардың алғашқы тікелей кездесуі.
Хабарларға қарағанда, келіссөздер аяқталған соң ресейлік делегация өз қонақ үйіне қайтқан.
Бұған дейін Абу-Дабиде Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздердің алғашқы кезеңі болған еді.