freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресей Украинаға 144 дронмен шабуыл жасады: Одесса зардап шекті

Әлем
Ресей Украинаға 144 дронмен шабуыл жасады: Одесса зардап шекті
Фото: State Emergency Service of Ukraine in Odesa region/Handout/REUTERS

Ресей Украинаға кезекті ауқымды дрондық шабуыл жасап, Одессадағы порт инфрақұрылымына соққы берді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Салдарынан қоймалар, резервуарлар және азаматтық кеме зақымданды. Украина әуе қорғанысы 144 ұшқышсыз аппараттың 124-ін атып түсіргенін хабарлады.

Украина Қарулы күштерінің Әуе күштері 26 сәуірге қараған түні жасалған жаппай шабуылды тойтарғанын мәлімдеді. Әскери мәліметке сәйкес, Ресей ұшырған 144 дронның 124-і жойылған немесе радиоэлектрондық құралдар арқылы залалсыздандырылған.

Шабуылдың негізгі нысандарының бірі Одесса қаласы болды. Украина премьер-министрінің орынбасары Алексей Кулебаның айтуынша, соққы салдарынан қаланың порттық және логистикалық инфрақұрылымына елеулі зиян келтірілген.

Атап айтқанда, қойма ғимараттары, техникалық жабдықтар, жүк сақтайтын резервуарлар мен әкімшілік нысандар зақымданған. Сондай-ақ жүк тасымалдайтын көліктер мен Палау туы астында жүзетін азаматтық кеме де бүлінген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу