Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресейде бизнес серіктесін өлтірді деген күдікке ілінген қазақстандық ұсталды

Оқиға
Ресейде бизнес серіктесін өлтірді деген күдікке ілінген қазақстандық ұсталды

Ресейдің Красноярск өлкесі Шарыпово қаласында қазақстандық ер адам бизнес серіктесін өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Оқиға биыл ақпанда Павлодарда болған. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында үйлердің бірінің ауласында кәсіпкердің денесін тапқан.

"Адам өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша алдын ала тергеу басталған", - делінген хабарламада.

Қазір прокуратура күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау үшін тиісті шара қолданып жатыр. Бұл қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Фото: Павлодар облысы ПД

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу